Фуга (лат. fuga — дәлме-дәл жүгіріс, жылдам ағыс) —полифониялық түрі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlU1TDFkMGF6RXRablZuZFdVeUxYQmhaMlV4TFcxdE1TMDVMbkJ1Wnk4ek1EQndlQzFYZEdzeExXWjFaM1ZsTWkxd1lXZGxNUzF0YlRFdE9TNXdibWM9LnBuZw==.png)
Фуга бір кейде екі, не одан да көп тақырыпқа негізделіп, белгілі тональдық-гармониялық жүйеде еркін дамиды. Фуга 17 ғасырда өзіне дейінгі полифониялық формалар (, , ) негізінде қалыптасты. 18 ғасырдың 1-жартысында И.С. Бах (“48 прелюдия мен фугасы”) пен Г.Ф. Гендельдің шығармаларында Фуга кеңінен қолданылды. Фуганың бір тақырыпқа (қарапайым) не екі, үш, кейде одан да көп тақырыпқа (күрделі) құрылған түрлері болады. Музыкада 3 — 4 дауысқа арналған Фугалар кеңінен тараған. Фуганың негізгі 1-бөлімі экспозиция деп аталады. Фуга тақырыбы қысқа әрі ұғымды әуенмен беріледі. Фуга — полифониялық музыканың ең жоғарғы түрі. 20 ғасырдағы музыкада композиторлар П.Хиндемит (Германия) пен Д.Д. Шостакович (Ресей); қазақ музыкасында Е.Рахмадиев (“Алпамыс” операсындағы 1-актінің 1-көрінісінде қолданылған фугетта) пен Б.Баяхунов (фортепьяноға арналған “Прелюдия мен фугасы”), т.б. композиторлар шығармаларында кездеседі.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер