Бұл мақалада футболдан әлем біріншіліктерінің тарихындағы түрліше рекордтар жайлы жазылған. Көрсеткіштер 1930-2018 жылдар аралығындағы финалдық турнирлер тарихынан алынған.
Басты рекордтар
- Әлем чемпионаттарына ең көп қатысқан құрама— Бразилия (барлығына қатысқан)
- Әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан құрама — Бразилия, 227 гол
- Ең көп чемпион атанған құрама: Бразилия, 5 рет
- Финалға ең көп шыққан құрама: Германия (ГФР), 8 рет, төртеуінде жеңген.
- Әлем чемпионаттарында ең көп матч өткізген футболшы: Лотар Маттеус (Германия), 25 матч
- Әлем чемпионаттарына ең көп қатысқан футболшылар.: Лотар Маттеус (Германия), Антонио Карбахаль (Мексика), Рафа Маркес (Мексика). Бұл үшеуі бес әлем чемпионатына қатысқан. Сондай-ақ, италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффон да бес әлем чемпионатына барды, бірақ 1998 жылы бір ойында да алаңға шықпағандықтан, жоғарыдағы үшеуімен теңдесе алмайды.
- Үш рет финалда ойнаған жалғыз футболшы: Кафу (Бразилия, 1994, 1998, 2002)
- Екі финалда гол соққан футболшылар: Вава (1958, 1962), Пеле (1958, 1970), Пауль Брайтнер (1974, 1982), Зидан (1998, 2006)
- Ең көп әлем чемпионы атанған футболшы: Пеле, 3 рет.
- Ең көп жүлдегер атанған футболшы: Мирослав Клозе (Германия), 4 рет жүлдегер болды. Бір рет алтын (2014), бір рет күміс (2002), екі рет (2006, 2010) қола медаль алған.
- Ең көп гол соққан ойыншы Мирослав Клозе: 16 гол.
- Бір матчта ең көп гол соққан футболшы: Олег Саленко (Ресей), 1994 жылы Камерунның қақпасына 5 гол соқты.
- Бір чемпионатта ең көп гол соққан футболшы: Жюст Фонтен (Франция). 1958 жылғы чемпионатта 13 гол соқты.
- Ең көп гол соғылған матч: 1954 жыл. 1/4 финал, Аустрия—Швейцария—7:5. 12 гол соғылды.
- Ірі жеңістер: 1954. Мажарстан—Оңтүстік Корея—9:0, 1974. Югославия—Зайр—9:0, 1982. Мажарстан—Сальвадор—10:1
- Ең көп ойыншы қуылған матч: 2006 жылғы 1/8 финалдағы Португалия-Нидерланд (1:0) кездесуі. Бұл ойында төрт футболшы қызыл қағаз алды (екі жақтан екі-екіден).
Хет-триктер
- Финалда хет-трик жасаған футболшы: Джефф Херст (1966)
- Екі рет хет-трик жасаған футболшылар: Шандор Кочиш (1954), Жюст Фонтен (1958), Герд Мюллер (1970), Габриэль Батистута (1994, 1998). Сондай-ақ Батистута екі чемпионатта хет-трик жасаған жалғыз футболшы.
- Ең жылдам хет-трикті 1982 жылы мажар футболшысы Ласло Кишш жасады. Ол Сальвадордың қақпасына 7 минутта (70, 74, 77) үш доп соқты. Және де ойынға тыңнан қосылып хет-трик жасаған жалғыз футболшы.
Бапкерлер рекорды
- Бапкер ретінде ең көп матчқа қатысқан: Хельмут Шён, 25 матч (1966-78)
- Сондай-ақ, Хельмут Шён бір құраманы төрт чемпионатқа баптап барған ең тұрақты бапкер.
- Қатарынан екі рет әлем чемпионы атанған бапкер: Витторио Поццо (Италия, 1934-1938)
- Әлем чемпионатында бес түрлі құрамаға бапкер болған: Бора Милутинович (Югославия). 1986 — Мексика, 1990 — Коста-Рика, 1994 — АҚШ, 1998 — Нигерия, 2002 — Қытай
- Луиз Фелипе Сколари қатарынан 11 матчта жеңіске жетті: 2002 жылы Бразилиямен 7 ойында, 2006 жылы Португалиямен 4 матчта.
- Ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де әлем чемпионы атанғандар: Марио Загалло (ойыншы ретінде — 1958, 1962, бапкер ретінде — 1970), Франц Беккенбауэр (ойыншы ретінде — 1974, бапкер ретінде — 1990), Дидье Дешам (ойыншы ретінде — 1998, бапкер ретінде — 2018)
Төрешілер рекорды
- Үш чемпионатқа барған төрешілер: Джон Лангенус ( Бельгия, 1930–1938), Иван Эклинд (Швеция, 1934–1950), Бенжамин Грифиттс (Уэльс, 1950–1958), Артур Эллис (Англия, 1950–1958), Хуан Гардесабаль ( Испания, 1958–1966), Жамал Әл-Шариф (Сирия, 1986–1994), Жоэль Кинью (Франция, 1986–1994), Әли Мухаммед Буйсаим (БАӘ, 1994–2002), Оскар Руис (Колумбия, 2002–2010), Карлос Эуженио Симон (Бразилия, 2002–2010), ( Мексика, 2006–2014)
- Ең көп матчта төрелік еткен: (Өзбекстан, 9 матч. 2010-14)
Ең жылдам голдар
11-секунд – Хакан Шүкір | Түркия – Оңт.Корея – 3:2 | 29.06.2002 |
15-секунд – Вацлав Машек | Чехословакия – Мексика – 1:3 | 07.06.1962 |
25-секунд – Эрнст Ленер | Германия – Аустрия – 3:2 | 07.06.1934 |
27-секунд – Брайан Робсон | Англия – Франция – 3:1 | 16.06.1982 |
30-секунд – Клинт Демпси | АҚШ – Гана – 2:1 | 16.06.2014 |
35-секунд – Эмиль Вейнан | Франция – Бельгия – 3:1 | 05.06.1938 |
35-секунд – Арне Нюберг | Швеция – Венгрия – 1:5 | 16.06.1938 |
37-секунд – Бернар Лякомб | Франция – Италия – 1:2 | 02.06.1978 |
50-секунд – Флориан Альберт | Венгрия – Болгария – 6:1 | 03.06.1962 |
51-секунд – Адальберт Дешу | Румыния – Перу – 3:1 | 14.07.1930 |
53-секунд – Сельсо Айяла | Парагвай – Нигерия – 3:1 | 24.06.1998 |
59-секунд – Пак Сын Дин | Португалия – КХДР – 5:3 | 23.07.1966 |
Қызықты фактілер
- 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан Швейцария құрамасы екі бірдей рекордты тарихқа жазды:
1 — өз қақпаларына бір гол да жібермеді. Осылайша тарихта бір гол да жібермей үйіне қайтқан жалғыз құрама боп жылнамаға тіркелді.
2 — 1/8 финалда Украинамен ойнап, пенальтилер сериясында бір гол да соға алмады. Пенальтилер сериясында бір рет те гол соға алмаған жалғыз құрама ретінде тарихта қалды.
- 1990 жылы италиялық қақпашы Вальтер Дзенга 517 минут бойы өз қақпасына бір гол жібермеді.
- 1970 және 2002 жылы Бразилия құрамасы чемпион атанды. Екі чемпионатта да бразилиялықтар барлық ойындарында жеңіске жеткен.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер