Хавортия (HAWORTHIA DUVAL ХАВОРТИЯ) өсімдігінің атауы ағылшын ботанигі А.Н.Хаворттың (1768-1833ж) құрметіне қойылған. Отаны – Оңтүстік Африка. Хавортияның 150-ге жуық түрлері бар. Олар суккулентті, аласа бойлы көпжылдық өсімдіктер қатарына жатады. Хавортиялар көп жағынан алоэға ұқсас, жапырақтары шырынды. Ортасынан биіктігі 40 см болатын гүлсидамын шығарады. Гүлдері ұсақ, онша әдемі емес. Отаны Оңтүстік Африкада хавортия құмды, тасты жерлерде өседі. Ал, бізде оны бөлме өсімдігі ретінде өсіреді. Сол себепті оның топырағы да құм, ұсақ тас араласқан болуы керек. Жыл сайын хавортияның топырағын жаңартып, жанама өскіндерін бөліп алу керек. Жаз кезінде хавортияны балконға шығарып, таза ауада ұстаған дұрыс.
Хавортия | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
|
Жарығы:
Жарық жерде жақсы өседі. Сол үшін де терезенің алдына қою керек. Бірақ тіке түскен күн сәулесінен қорғаған жөн.
Жылуы:
Көктемнен күзге дейін температура тұрақты болуы керек. Қыс айында ең тиімді ауа температурасы 10-12 °C.
Суғарылуы:
Топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Қыс кезінде 2 айда бір рет суғарған абзал.
Ылғалдылығы:
Жиі су шашудың қажеті жоқ. Бірақ бөлмедегі ауаны желдетіп тазартып тұру керек.
Қоректендірілуі:
Суккулентке арналған тыңайтқышпен көктемнен жаздың ортасына дейін қоректендіріледі.
Аурулары:
Көп жағдайда өсімдік битінен зиян шегеді.
Көбейтілуі:
Жанама өскіндері арқылы көбейтіледі. Оларды негізгі өсімдіктен бөліп алып, жеке отырғызады. Жапырағын кесіп алып, 3 күн кептіреді. Содан кейін құм араласқан топыраққа отырғызып, 3-4 аптадан кейін ғана суғара бастайды.
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер