Айтбай Хангелдин (1906 - 1981) - жазушы. Ташкенттегі қазақ халық ағарту институтын бітірген (1926). 2-дүниежүзі соғысқа қатысқан. Лақап аты – Ақық.
Айтбай Хангелдин | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 06.11.1906 Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай ауылы |
Қайтыс болғаны: | 1981 |
Мансабы: | жазушы |
Жетістіктер
1920 - 1930 жылдары Өзбекстан КП ОК-нің органы - "Еңбек" газетінде жұмыс істеген.
1930 - 1932 жылдары "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеті редакциясында жұмыс істеген.
1932 - 42 жылдары республикалық Қазақ радиосы комитеттінде, т.б. мекемелерде жұмыс істеген.
1945 - 50 жылдары Қазақстан КП ОК-нің аппаратында жауапты қызметкер
1951 - 60 жылдары Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметін атқарған.
Шығармашылар
30–жылдар басында «Құрылыс жолында», «Еңбек етіңдер» сияқты өлеңдер жинақтары, «Маржан», «Ақан сері», «Қамалия», «Қыз жүрегі» поэмалары, т. б. жарық көрді. Алғашқы әңгімелер жинағы "Құрылыс" (1931) Ташкентте жарық көрген. Қаламынан «Алғыс», «Ерлік» әңгімелер жинағы, «Керемет» повесі, «Біздің оттар», «Қараторғай», «Біздің Ғани» романдары да туды. (1947), "Арқалық" (1948), "Жайнақтың сыры" (1955) т.б. пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылған. Мектеп оқушыларына арналған , , , , , , Лао Шэ, Хамза Ниязидың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Дереккөздер
- Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 253-ші бет
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|