Хасен Нарымбекұлы Бодықов (1891 - 1974), төкпе ақын. Шет ауданының түлегі. Әкесі Нарымбек патша заманында да, кеңес тұсында да болыс болған білікті кісі. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншы-тағай бұтағынан шыққан. Ауыл молдасынан хат танып, Қарқаралыдағы орыс мектебінен дәріс алған Хасеннің көзі ашық, өнердің әр саласынан хабары мол болған. 1920 - 1922 жылдары болыстық комитетгің жауапты хатшысы, 1922 - 1924 жылдары милицияда, 1928 жылы Шет ауданы жеке шаңырак көтеріп шыққанда аудандың атқару комитетінде жауапты хатшы қызметін атқарған. Ақынның мұнан арғы өмірі зобалаңға ұласып кетеді. Хасен Нарымбекүлының шығармашылық өнерінін шыны — «Көзбала» дастаны. Дастан 900-ге тарта шумағган тұратын, әлденеше бөлімді, ірі шығарма. Дастанда өткен замандағы қазақ халқының тыныс-тіршілігі молынан, жан-жақты суреттеледі. Ақын шығармалары бейнелі, сұлу сурет, кұнарлы тілімен ерекшеленеді.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер