Шалғындық бозторғай (лат. Alauda arvensis) — Қазақстандағы шалғындық бозторғайлар туысының екі түрінің біреуі.
Шалғындық бозторғай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Song | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Alauda arvensis Linnaeus, 1758 |
Сипаттамасы
Дене мөлшері орташа (35-45г), бозторғайға тән үйреншікті реңі бар, адамдардың көпшілігіне белгілі, кең тараған бозторғай түрі . Адамдар шалғындық бозторғайлардың үнін ғана нағыз бозторғайдың сайрауы деп санайды. Оған қазақ халқы «бозторғай» деп ән арнаған. Әуелеп тұрып, аспанға жоғарылай-жоғарылай ұзақ сайрап, көзге көрінбей кетеді. Сайрағаны өте әдемі- сыңғырлата үздік-үздік шырылдап, ұзақ сайрайды. Оның әуезі бірін-бірі қайталамай , тұтастығын сақтайды. Жұбымен жүрді, бір жазда екі ұяға жұмыртқалап, 2 рет балапан өргізеді. Ұясы- құрғақ шөп төселген шұңқыр жер. Балапандарды бір жарым аптаға жуық жемдеп, балапандар ұядан шығып жүрен кезде тағы бір апта қоректендіреді. Қазақстанның оңтүстігінде бұл құбылыс сәуірде байқалады.
Олар қыркүйек-қазанда Қазақстанды тастап, қыстаудан ақпан-наурызда оралады. Қыс жалы болғанда шалғындық бозторғайлардың шағын бөігі Қазақстанның нағыз оңтүстігінде жән Өзбекстанда қыстап қалады.
Дереккөздер
- Alauda arvensis. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Құстар. Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Alauda arvensis |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер