Швейцария таулы үстірті — Альпі және Юра тауларының аралығындағы үстірт, Швейцария жерінде.
Ұзындығы 240 км, ені 50 км-дей, орташа биіктігі 400 — 500 м. Ең биік жері — тауы, 1411 м. Мореналық және мұздық ысырындыларының қалың қабатымен жабылған неоген молассаларынан түзілген. Ірі көлдері — Женева, Цюрих, . Климаты қоңыржай ылғалды, жылдық жауын-шашын мөлшері 800 — 1200 мм. Шамшат және емен ормандары таралған. Жерінің көпшілік бөлігі ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Швейцария таулы үстіртінде Женева, Берн, Цюрих қалалары орналасқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Тағы қараңыздар
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|