Шпренгер (Sprenger) Алоис (3.9.1813, Нассерейт, – 19.12.1893, Гейдельберг) – австриялық шығыстанушы, дәрігер. Вена қ-нда медицина мен шығыс тілдерін оқып-үйренді. 1840 жылы Лейденде араб қолжазбаларын зерттеу жұмысының барысында араб медицинасы тарихынан диссертация қорғады. 1843 – 54 жылы Үндістанда ағылшындық компаниясында қызмет атқарды. 1858 – 81 жылы Берн ун-тінде, 1881 жылдан Гейдельберг ун-тінде шығыс тілдерінен сабақ берді. Шпренгердің барлық зерттеулері Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянын зерттеуге арналған. Ол мұсылман мәдениетінің еур. ортағасырлық мәдениетке тигізген оң әсерін өз еңбектерінде үнемі көрсетіп отырды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
- Батунский М.А., Из истории зарождения заподноевропейского буржуазного исламоведения, “Научные работы и сообщения АН Узб. ССР”, 1961, кн. 3.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер