Тобылғытүс (лат. Spiraeánthus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын монотипті өсімдіктер тегі. Тектің жалғыз биологиялық түрі - Орта Азияда өсетін эндемик - Шренк тобылғытүсі (Spiraeanthus schrenckianus ), бұта. Синонимы - Spiraea schrenkiana .
Спиреантус немесе Тобылғытүс | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Шренк тобылғытүсі | ||||||||||||||
|
Таралуы
Қазақстанда аласа таулардың етегіндегі сайларда, құмды жерлердегі қиыршық тасты топырақтарда тоғай құрып өседі. Бетпақдаланың орталық және батыс бөлігінде, Қаратаудың оңтүстігінде ғана кездеседі. Бұл біздің Республикамыздағы ежелгі өсімдіктердің бірі, 30 млн жылдан кем емес (палеоген кезеңі), ол уақытта құрғақ сирек ормандарда және бұталы далаларда кеңінен таралған.Біздің уақытқа дейін тоблығытүс екі шектелген учаскелердн Бетпақдалада және Қаратау тауларында (Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан обылыстарында) кездеседі.Бұл түр ежелгі заманнан қалған жұрнақ болып табылады. Тек Орталық Америкада бұл түрдің бір ғана туысы хамебатирия туысы бар. Бетпақдала шөлінде тастақты топырақтарда, тақырлардың шетінде тобылғытүс онша үлкен емес шіліктер құрайды.
Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 70 – 250 см, қалың бөрік басы (крона) бар және жіңішке, жұмсақ бұтақтарын сұрғылт сары түсті қабық жапқан. Ұзынша, жұп қауырсынды жапырақтарының ұзындығы 2 – 13, ені 1,5 – 10 мм. Гүлі қызғылт түсті, хош иісті, шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Тұқымбүршігі екеу, онда бір-бірден тұқымы болады. Шренк Тобылғытүсі – сәндік өсімдік, оның әдемі сүрегі әсемдік (сувенир) заттар жасау үшін қолданылады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер