Шымған ұлықбекиясы (лат. Ulugbekia tschimganica) – айлауыктар тұқымдасының (елікшөп) тегінің монотипті туыс өкілі.
Шымған елікшөбі | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||
Ulugbekia tschimganica (1961) |
Таралуы
Шөптесін беткейлерде, төменгі және ортаңғы тау белдеулеріндегі бұта шіліктерінің арасында, солтүстік және Батыс Тянь-Шаньдакездеседі.
Ботаникалық сипаттамасы
Шөптесін көпжылдық шашақ тамырлытамырсабағымен және жалбыр түкті сабағымен (биіктігі 60 см-ге дейін).
Жапырақ саны көп, кезектесе орналасқан отырыңқы, сопақ, қандауыр пішінді, барынша үлкен (ұзындығы 6-8 см, ені 2 см). Жапырақты түгелімен түк басқан, сұрғылт жасыл, жүйкелері анық көрінеді.
Гүлшоғыры бұйраланған, гүлдеу мерзімінің басында олар сабақтың ұшына бас құрайды, жеміс салғанда түзеледі, біртіндеп ұзарады. Тостағанша (ұзындығы 1 см) бес бөлікті, таспа тәрізіді түкті. Күлте ашық-сары, ұзын түтікті, сәл ғана қоңыраулы желбірімен, дөңгеленген бес қалпақшаға бөлінген. Аталықтары, күлтенің ішіне жасырынған. Түйін төрт қалақшалы, ұзын бағаналы жәнебастанған аналықтарымен. Ұлықбекия көктемде сәуір-мамырда гүлдейді, жемістері күңгірт-сұр түсті, жылтыр төрт жаңғаққа бөлінеді, тұқымының құрамында қою май бар (15%).
Синонимдары
- Arnebia tschimaganica (B.Fedtsch.)
- Lithospermum tschimganicum
- Macrotomia tschimganica (B.Fedtsch.) &
Қолдануы
Бұл өсімдік түрлі халықтық медицинада қолдану жайлы мағлұмат жоқ. Ал ғалымдар тамырынан және үсті бөлігінен жасалған препараттар бүйректің жұмысын жақсартатындығын, сондай-ақ саңырауқүлақтарды жоятындығын дәлелдеді.
Дереккөздер
- А. А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер