Шүйіншөп, валериана (лат. Valeriana) — ұшқаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, , бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым–тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі — сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, , сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында 16 т, Күнгей Алатауында 0,3 т жылдық қоры анықталған.
Шүйіншөп | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
150-250 түрі белгілі |
Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200.
Дәрілік шүйгіншөптің тамыры мен тамыр сабағының құрамында эфир майы, валериана, сірке және құмырсқа қышқылдары; бұлардан басқа: , дейтін алкалоидтері де бар. Түйіншөптің жабайы түрі де, екпе түрі де болады. Түйіншөп жетілген кезде жерді плугпен жыртып, тамырын қазып алады да, оны суық сумен жуып, 40° жылы жерге кептіріп, жинап алады. Мұның медицинада зор мәні бар. Түйіншөптің қолданылатын жері: ауырған жерге, кояншыққа (эпилепсия), ұйқысыздыққа шалдыққанда, жүректің соғуына және т.б. Оның спиртке немесе эфирге ерітіп алынған препараты ауруға қарай 15—30 тамшыдан суға тамызып, күніне 2—3 реттен колданады.
Дереккөздер
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер