Шөпілдек (лат. Tringa totanus ) - Татреңтәрізділер отрядының Тауқұдірет тұқымдастарына жататын дене бітімі ізетші типтес шағын денелі балшықшы. Шөпілдектің жоны қошқыл дің тәріздес теңбілді сұрғылт күрең, бауыры қара-бозғылт теңбілді ақ. Ұшып жүрген құстан қанаттың ақ жиегі және ақ реңде жоны жақсы көрінеді. Тұмсығының түбі қызыл, реңі қошқыл, аяғы қызғылтсары қызыл, сондықтан "қызылаяқ" деп те аталады.
Шөпілдек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Шөпілдек | ||||||||||||||
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Tringa totanus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Totanus totanus (Linnaeus, 1758) |
Мекен ету ортасы
Батыс Еуропадан Солтүстік және Қытайдың үлкен бөлігіне дейін қоныстанады. Қазақстанда республиканың солтүстік жартысында, сондай-ақ ұялауға қолайлы батпақты үлескілері мен ылғалды шалғындары бар Сырдарияның оңтүстік аңғарында, Шу және оңтүстік Балқаш маңында ұялайды. Ұясы әдетте шөппен жақсы жасырылған төмпешік үстіндегі құрғақ шұқырда болады. Салындыдағы көбінесе төрт теңбілді жұмыртқаларды ата-енелері жиырма бес күнге жуық басады, бұдан соң сонша уақыт балапандарды өргізеді. Қазақстанда ақпаннан қазанға дейін кездеседі, жеке дарақтары қарашаға дейін кешігеді.
Дереккөздер
- (2013). "Tringa totanus". () 2013: e.T22693211A50404828. :10.2305/IUCN.UK.2013-2.RLTS.T22693211A50404828.en. http://www.iucnredlist.org/details/22693211/0. Retrieved 24 November 2016.
- Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, , 352 бет, Алматы: Атамұра