Эдин Джеко ( Edin Džeko; 17 наурыз 1986 жыл, Сараево, Югославия) — босниялық футболшы, «Интернационале» футбол клубы мен Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. Құрама тарихындағы ең үздік мерген.
Эдин Джеко | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аттары | Босния бриллианты ( Bosanski dijamant) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 193 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 84 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері | 9 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
Клубтық
"Железничар" клубының түлегі. 2003 жылы карьерасын осы клубта бастады. 2005 жылы Чехияның "Теплице" клубына ауысты.
2007 жылы "Вольфсбург" футболшысы атанды. 2008/09 жылғы маусымда 26 гол соғып, мергендер көшінде екінші орынға табан тіреді. 2009 жылы жазда келісім шарт 2013 жылға дейін ұзартылды.
2011 жылы 4 қаңтарда "Вольфсбургтен" "Манчестер Ситиге" ауысты. Трансфер бағасы 35 млн Еуроға бағаланды. 25 сәуірде Премьер Лигадағы тұңғыш голын "Блэкберн Роверске" соқты. 28 тамызда "Тоттенхэммен" ойында тұңғыш рет покер жасады.
2012/13 жылғы маусымда Премьер лигада 14 гол соқты.
2014 жылы 20 тамызда клубпен төрт жылдық келісім шарт жасасты.
2015 жылы 6 тамызда "Ромаға" жалға берілді. Бұл ауысым 4 млн еуроны құрады. 30 тамызда "Ювентус" қақпасына "Рома" сапындағы тұңғыш голын соқты. 2015 жылы қазан айында клуб Джеконы толықтай сатып алды. 2016/17 жылғы маусымда 39 голдың (оның 37-сі Италия чемпионатында) авторы атанды да, клуб рекордын жаңартты.
2017/18 жылғы маусымда 8 гол соқты да, клубтың жартылай финалға жетуіне үлкен үлес қосты (команда 34 жылдан бері тұңғыш рет жартылай финалға шықты). Маусым соңында "Романың" үздіік футболшысы атанды.
Ұлттық құрама
2007 жылы 2 маусымда ЕУРО-2008 іріктеуінде Түркияға қарсы ойында тұңғыш рет Босния және Герцеговина сапында алаңға шықты. Бұл ойында босниялықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті, Джеко бір гол соқты.
2014 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бір гол соқты.
Жетістіктері
Командалық
- Германия чемпионы: 2008/09
- Англия чемпионы (2): 2011/12, 2013/14
- Англия кубогы: 2011
- Англия Лига кубогы: 2014
- Англия суперкубогы: 2012
Жеке
- Германия чемпионатының мергені: 2009/10 (22 гол)
- Италия чемпионатының мергені: 2016/17 (29 гол)
- УЕФА ЕуропаЛигасының мергені: 2016/17 (8 гол)
- Босния және Герцеговина құрамасының мергені: 59 гол
Жеке өмірі
Эдин — мұсылман дінін қабылдаған. Ұлттық құрамадағы Эмира Спахичтің немере туысы.
Дереккөздер
- Джеко деген кім? Босния бриллианты. Сергей Швец. (8 ақпан 2011). Тексерілді, 3 қараша 2015.
- Джеко жайлы 10 факт. Roma FunClub Russia (14 тамыз 2015). Тексерілді, 3 қараша 2015.
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер