Ғибадатхана (араб. ғибадат-жалбарыну, сиыну) — Құдайға құлшылық ететін, діни рәсімдер мен парыздар атқарылатын ғимараттардың жалпы атауы. Исламда — мешіт, христиан дінінде-шіркеу, собор,монастырь, костел, кирха; иудаизм дінінде — синагога; ал будда дінінде ортақ атау жоқ, әр елде әр түрлі аталады (мыс., Жапонияда тэра, Шри-Ланкада вихара, Моңғолияда хурэ, т. б.). Ғибадатханалар, негізінен, іргелі, еңселі, биік мұнаралы, көп күмбезде бірнеше текшелі күрделі ғимарат болып келеді. Ғимараттың ішінде михраб, мінбар, алтарь секілді Құдайға мінажат ететін арнайы орындар болады. Ғибадатхана іші хүснихаттармен, періштелер мен әулиелердің бейнелерімен, ою-өрнектер мен әсем жазулармен безендіріледі. Ғибадатханалар архитектурасы адамның Құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі діни тұспал нышандармен, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі — жарты ай бейнесі, ал шіркеуде — айқыш (крест) орнатылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekpsTDB4MWVHOXlWR1Z0Y0d4bE1TNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RUSFY0YjNKVVpXMXdiR1V4TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk5rTDBobGNHaGhhWE4wYjNNdWRHVnRjR3hsTGtGRExqQXlMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFJWlhCb1lXbHpkRzl6TG5SbGJYQnNaUzVCUXk0d01pNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- «Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер