Қуандықов Қажықұмар Кенжебекұлы (19.9.1927, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Қараш ауылы -17.3.1971, Алматы) - театр сыншысы. Мәскеудің театр өнері институтының қазақ студиясын бітірген (1954). 1954 - 56 ж. Қазақ академия драма театрының труппасында актер болды. Бұдан кейін бұрынғы Республикалық халық шығармашылығы үйі (1956 - 58) және Әдебиет және өнер институты (1961 - 63) мен "Қазақ әдебиеті" газеті (1964 - 67) редакцияларында қызмет етті. 1968 - 71 ж. Қазақ Кеңес энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми редактор болды. 1950 жылдары театр сынымен шұғылданып, пьесалар мен спектакльдерінің, жеке театрлар мен актерлер шығармашылығының мәселесін сөз ететін көптеген сын мақалалар жазды. Пьесалар (А.Қаһардың "Табыттан шықкан үн", т.б.) аударды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер