Қазақстан Үкіметінің аппараты (орыс. Аппарат Правительства Казахстана, 2023 жылдың 2 қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің Кеңсесі) — орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Жоғарыда тұрған мекеме | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 6 (Үкімет үйі) |
Басшысы | Ғалымжан Қойшыбаев |
Ресми сайты | |
primeminister.kz |
Қызметі
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық талдамалық,ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
- мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, техникалық және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуын және сақталуын бақылау;
- мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық дерекқор құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін дайындау және атқару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; Мемлекет басшысының кесімдері мен Үкіметке берілген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімін бақылау;
- Премьер-Министр,оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұстанымдық сипаты болатын Үкімет пен Премьер-Министрдің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жасау.
Қарамағындағы ұйымдар
- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі
Тарихы
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4-наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 17 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы бекітілді: басшылық; Премьер-Министрдің хатшылығы; үкіметтік ақпарат бөлімі; құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бөлімі; Үкіметтің Парламент|Парламенттегі өкілдігі]]; заң бөлімі; аймақтық дамыту бөлімі; экономикалық бөлім; өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі; қосымша талдау бөлімі; әлеуметтік-мәдени дамыту бөлімі; сыртқы байланыстар бөлімі; қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлім; кадрлық жұмыс бөлімі; бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі; қаржы-шаруашылық бөлімі; Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес хатшылығы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы— Министр хатшылығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31-қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымындағы "Үкіметтік ақпарат бөлімі" жолы мынадай редакцияда мазмұндалды: "ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі".
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28-тамыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11-қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже бекітілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді, бақылау функцияларын және заңнамада әрі осы Ережеде көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Басшылар
Дереккөздер
- 1 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін реформалау жөніндегі кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 ж. 4 наурыздағы № 3377 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1997, №10, 69-бап).
- 2 1997-2000 жж. Кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары 2(1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. Қазақстан Республикасы ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 110-115 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).
- 3 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 мамырдағы № 592 және 1999 ж. 3 қарашадағы № 1645 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 17 қаңтардағы № 58 қаулысы (Ағымдағы мүрағат).
- 4 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 3 қарашадағы № 1645 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31 қаңтардағы № 145 қаулысы (Ағымдағы мүрағат).
- 5 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ГТҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).
- 6 "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 327-бап).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер