Қазақстан архитекторлар одағы– республика сәулетшілерінің ерікті шығармашылық ұйымы. 1935 жылы наурызда құрылған. Қазақстан архитекторлар одағының барлық облыстарда бөлімшелері, жобалау ин-ттарында бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Басшы органы – , съездер аралығында – басқарма. Съездері 1936, 1955, 1959, 1962, 1964, 1966, 1969, 1973, 1978, 1984 жылдары өтті. Басқарма төрағалары: Т.Қ. Бәсенов (1935 – 36), Г.П. Кушнаренко (1936 – 38), М.М. Меңдіқұлов (1938 – 46, 1948 – 55), А.И. Беднягин (1946 – 48), А.А. Леппик (1955 – 59), Е.К. Дятлов (1959 – 65), Р.А. Сейдалин (1965 – 73, 1982 – 88), Ш.Ы. Уәлиханов (1973 – 82), Т.Е. Ералиев (1988 – 93), С.Ж. Шаймерденов (1993 – 96), Қ.Ж. Монтақаев (1996 – 2000), А.И. Рүстембеков (2000 жылдан президенті). Одақтың 14 мүшесіне “Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы” атағы берілген. 42 архитектор КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының, Министрлер Кеңесі сыйлығының, 2 архитектор Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер