Қазақтың 200 әні – музыкалы этнографиялық жинақ.
1972 жылы ҚазКСР ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған. Ел аузындағы музыкалық шығармаларды жинап, нотаға түсіріп, түсініктемелерін жазған Т. Бекхожина. Жинаққа бұрын баспа бетінде жарияланбаған эпикалық жырлардан үзінділер, халқымыздың көпшілікке беймәлім мен соғыс жылдарындағы туындылар, ауыл өміріне арналған шығармалар топтастырылған. Бұл халық қазынасын 1962 – 67 жылы аралығында Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған ғылыми экспедиция тек Қазақстан аумағы ғана емес, Өзбекстанда, Ресейдің Орынбор, Астрахан облыстарында тұратын қазақтардан жазып алған. Кітаптан “Қобыланды батыр” жырының үш мақамымен, аужардың – екі, жар-жардың – бес, – төрт, сыңсудың – сегіз, жоқтаудың – сегіз, мен – алты нұсқасымен танысуға болады.
Сол сияқты жергілікті әнші-сазгерлер
- Мұхаметжанның “Назқоңыры” мен “Хиләуі”,
- Шөженің “” мен “Хаудыры” сияқты асыл мұралар,
- ,
- Нұреке,
- ,
- ,
- Нияз,
- ,
- Қабылхан,
- ,
- Балуан Шолақ,
- Жақсыбайдың әндері тұңғыш рет нотаға түсірілген.
Жинақтың екінші бөлімінде музкалық шығармалардың қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері, әндерді жаздырған корреспонденттер жайлы қысқаша мағлұматтар берілген. Кітап графикалық суреттермен безендірілген.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер