Қазтабан - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, бар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын , ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді.
Potentilla | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Potentilla sterilis leaves | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Species | ||||||||||||||
See text. |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekl4TDFCdmRHVnVkR2xzYkdFdFlYVnlaV0V0TVRZd05qQTJMVEV1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFZCdmRHVnVkR2xzYkdFdFlYVnlaV0V0TVRZd05qQTJMVEV1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер