Қамысшыл СҰЛЫКЕШ (Emberiza schoeniclus) - денесінің мөлшері (16-30 г) және тұмсығы аса бірдей бола бермейтін құс.
Қамысшыл сұлыкеш | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Male ![]() Female – Both at , | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Emberiza schoeniclus (Linnaeus, 1758) |
Биологиялық сипаттама
Басы, тамағы және жемсауының алдыңғы бөлігі - қара, жоны - қызыл қошқыл қоңыр, бауыры - ақшыл. Оларды ертеректе өз алдына жеке екі түрге - жуан тұмсықты қамысшыл сұлыкеш және жіңішке тұмсықты қамысшыл сұлыкеш деп бөлді. Алайда олардың таралу кеңістігі орасан үлкен болғандықтан (Атлант мүхиты- нан Тынық мүхитқа дейін), өтпелі түрлері көбейіп кетіп, олардың арасындағы шекараны анықтау қиын болды. Қамысшыл сұлыкештің басқа сұлыкештерден айырмашылығы ол өзендер аңғарындағы және көлдер қазаншүңқырындағы су маңы мен су бетіндегі өсімдіктерге, көбінесе қоғалы, құрақты немесе қамысы көп өскен жерлерге қоныстанады. Ересектері аралас жем жейді, алайда балапандарынбунақденелілермен қоректендіреді. Ұялары шөп арасында, жерде болады. Салындыда 4-6 жалпақ қисық сызықтарымен айқын безенген ашық күлгін түстен саз түсті қоңыр түске дейін боялған жұмыртқалар болады. Жұмыртқаларды аналық басады, кейде оны аталық алмастырады. Ұялау өмір дағдысы аз зерттелген. Қыста 50 шақты дарақтары бар топтары кездеседі.
Таралуы
Ол Қазақстанның бүкіл жазықтық аумағының суқоймалары бойынша өте кең таралған. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде жіңішкетұмсықтылар, ал оңтүстігінде жуантұмсықты түрлер көп болып келеді. Солтүстік өңірден сұлыкештер ұшып кетіп, Қазақстанның оңтүстігінде бірен-сарандары қыстап қалады. 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- Emberiza schoeniclus. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.