Қара шулығаш (лат. Apus apus) – шағын денелі (40-45 г, қанатының алымы – 45 см мөлшерінде) шулығаш. Қара шулығаштың реңі – қара, алқымы – ақшыл, қанаты – орақша иілген ұзын және аяғы – өте қысқа. Жылдам және оңтайлы ұшады. Ол әуеде ұшып жүріп, шіркейлерді жейді. Қиқуы – «стри-и» деген ащы дауыспен үйірде шуыл шығаратындықтан «шулығаш» деп аталған.
Қара сұрқарлығаш | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Apus apus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Еуразия (Байкал аймағынан шығысқа қарай) және Солтүстік-Батыс Азияға кең таралған. Бүкіл Қазақстан бойынан кездеседі.
Дереккөздер
- (2014). "Apus apus". () 2014: e.T22686800A62552970. :10.2305/IUCN.UK.2014-2.RLTS.T22686800A62552970.en. http://www.iucnredlist.org/details/22686800/0. Retrieved 1 October 2016.
- Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, , 352 бет, Алматы: Атамұра