Қараағаш – Шыңғыстау жотасының солтүстік-батысындағы тау.
Қараағаш тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Шыңғыстау жотасы |
Пайда болған кезеңі | Төменгі және орта палеоген |
Ұзындығы | 9 км |
Ені | 4 км |
Биіктігі | 1074 м |
Орналасуы | |
48°47′41″ с. е. 78°53′07″ ш. б. / 48.79472° с. е. 78.88528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°47′41″ с. е. 78°53′07″ ш. б. / 48.79472° с. е. 78.88528° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Абай облысы Абай ауданы Көкбай ауылының батысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1074 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км шамасында созылған, енді жері 4 км-ге жуық.
Жер бедері
Беткейлері тіктеу келген, өзен, сай-жыралармен тілімденген. Тау бөктеріндегі бұлақтардан Қарасу, Қарлыбұлақ өзендері бастау алады. Солтүстігінде жотасы, батысында Пішентай, оңтүстігінде таулары орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, тақтатас, конгломерат, т.б. тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Тауалдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас бұталар, терек, қарағаш, т.б. өседі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер