Қараағаш – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі түбек.
Қараағаш түбегі | |
Орналасуы | |
---|---|
45°18′43″ с. е. 73°48′24″ ш. б. / 45.31194° с. е. 73.80667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°18′43″ с. е. 73°48′24″ ш. б. / 45.31194° с. е. 73.80667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Балқаш |
Ел | |
Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал темір жол айрығының шығысында орналасқан.
Сипаты
Ең биік жері 380 м шамасында. Жер бедеріне төрттік кезеңінің ойпатты денудациялық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті батыстан шығысқа қарай еңістенген. Солтүстік-батысында Ақкірме шығанағы, солтүстігінде Тайсойған, солтүстік-шығысында Ортаарал, Аяқарал аралдары орналасқан.
Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, т.б. өседі.