Қарабарғы – тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Қарабарғы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Жаңаасу тауы |
Ұзындығы | 15 км |
Ені | 10 км |
Биіктігі | 973 м |
Орналасуы | |
48°55′50″ с. е. 82°50′35″ ш. б. / 48.93056° с. е. 82.84306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°55′50″ с. е. 82°50′35″ ш. б. / 48.93056° с. е. 82.84306° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде орналасқан. Үлкен Бөкен өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 973 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км шамасында созылған, енді жері 10 км.
Жер бедері
Өзен аңғарларымен, сай-жыралармен тілімденген. Беткейлері көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Оңтүстігінен Бектемір, Еспе өзендері бастау алады.
Өсімдігі
Таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, жұздызшөп аралас астық тұқымдас өсімдіктер, көк терек, бұталар өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.