Қараоттар тұқымдасы (лат. Portulacaceae) - дара желекті, қос жарнақтылар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде 500-дей түрі бар.
Қараоттар тұқымдасы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
|
Ботаникалық сипаты
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelJoTDFCdmNuUjFiR0ZqWVY5bGNuVmpZVjh3TVM1cWNHY3ZNVGd3Y0hndFVHOXlkSFZzWVdOaFgyVnlkV05oWHpBeExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
- Жапырақтарының жиектері бүтін, көбінесе шырынды болады.
- Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, қос гүлсерігі бар. Тостағаншалары 2-ге бөлінген, кейде түбімен жатынға бірігіп өскен. Күлтелері 5 (сирек 4-9), бос немесе бірігіп өскен, аталықтары 3-15, гүл күлтелерінің түбімен бірігіп кеткен, аналығы - біреу, 3-6-ға бөлінген, жатыны бос немесе тостағаншасымен біріккен, бір ұялы. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
- Жемісі қауашақ, 2-3 немесе көп тұқымды, жарғақты, көлденеңінен немесе 3-ке жарылып ашылады. Тұқымдарында белок көп болады.
Өсетін жері мен таралуы
Қараоттар тұқымдасы көбінесе Оңтүстік Америка мен Калифорнияда таралған. Қазақстанда Алтай тауларында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында және Қаратауда және қараот туыстары кездеседі.
Қолданысы
- Оңтүстік Америкада көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады.
- Гүлдері әсем болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі.
- Медицинада емдік дәрі ретінде пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер