Қарасор — Тобыл алабындағы көл.
Қарасор | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 217 м |
Өлшемі | 9,2 × 2,3 км |
Ауданы | 10,7 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 30,7 км |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Қостанай облысы |
Аудан | Қамысты ауданы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Қостанай облысы Қамысты ауданы Краснооктябрьск кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 217 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Созылыңқы келген көлдің аумағы 10,7 км2, ұзындығы 9,2 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 30,7 км. Солтүстік және шығыс жағалаулары көтеріңкі. Жаз айларында құрғап, шалшықты батпаққа айналады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),