Қарақат тосабы. Дәмі тіл үйіретін, құрамында С және Р дәрумендері мол тағам.
Қызыл қарақат тосабы
Жемісті сабағынан ажыратып, салқын суға жуады, табаққа салып, ыстық шырын (1,5 кг қантқа — 2 кесе су) құяды да, 6-8 сағат тұндырады. Егер жеміс қышқыл болса, қантты 1,7 килограмға дейін көбейтеді. Біраз уақыт өткен соң жемісті не елекпен бөліп алып, шырынды қайнатады. Оттан алып 10—15 минут қоя тұрады да, жылы шырынға жемісті салып, дайын болғанша бүлкілдетіп қайнатады.
Қара қарақат тосабы
Іріктелген жемісті тазартып, жуады да, дуршлагқа салып, қайнап тұрған суда 2—3 минут ұстайды. Сонда қабығы жұмсарып, қант жақсы сіңеді де, тосап сапалы болады. Ыстық шырынды (1,5 кг қантқа — 2 кесе су) жеміске құйып, бірден дайын болғанша қайнатады. Көбігін алу үшін 2-3 минут оттан алып қояды.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдер сөздігі I том