Қарсақ (лат. 'Vulpes corsac') – иттер тұқымдасының түлкі туысына жататын жыртқыш аң.
Қарсақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
() | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Vulpes corsac Линней, 1768 | ||||||||||||||
Ареал |
Биологиялық сипаты
Тіршілік жағдайы мен қоректенуі
Тереңдігі 1 – 2 м, ұзындығы 4 – 6 м қазып алып, сонда тіршілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың ескі індерін де пайдаланады.
Қарсақ қорек іздеуге таңертеңгі және кешкі мезгілде шығады. Негізгі қорегі – тышқан, , құмтышқан, сарышұнақ, суыр, қоян, т.б. Сондай-ақ, қарсақтар тасбақаны, құсты, жыланды, кесірткені де жейді.
Көбеюуі
Қарсақ жыныстық жағынан 9–10 айда жетіледі. Жылына 1 рет күшіктейді. 2-ден 16-ға дейін, негізінде 3-6 күшік табады. Қазақстанның далалы аймағында ақпанда, ал шөл-шөлейтті аймақтарында қаңтардың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2–16, көбіне 3–6 күшік туады.
Таралу аймағы
Қазақстанның шөл-шөлейтті жерлерінде кең тараған. Өсімдікке бай ойпаң мен аңғарлы сайларды, тау етегін мекендейді.
Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң.
Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар.
Түршелері
Қазақстанда қарсақтың 3 түршесі бар:
- Қазақстан қарсағы (Vulpes с.corsac) - солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендейді. Бұл түршелердің ең ірісі, тері жабындысы мен құйрығы ерекше үлпілдек жүнді.
- Қалмақ қарсағы (Vulpes c.kalmykorum) - Орал таулырының шөлді аймағында кездеседі. Қазақстан қарсағына қарағанда жүні онша үлпілдек емес.
- Түркімен қарсағы (Vulpes c.turkmenicus) - оңтүстік-батыс және Оңтүстік Қазақстанда тараған. Қарсақтардың ішіндегі кішісі.
Дереккөздер
- Poyarkov, A. & Ovsyanikov, N. (2008). Vulpes corsac. In: 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 2008-04-25. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер