Қауынды – Маңғыстау үстіртінің оңтүстігіндегі ойыс.
Қауынды ойысы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ең төмен нүктесі | 57 м |
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 37 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 17 км |
Ауданы | 390 км² |
Орналасуы | |
42°53′55″ с. е. 52°56′07″ ш. б. / 42.898475° с. е. 52.935252° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°53′55″ с. е. 52°56′07″ ш. б. / 42.898475° с. е. 52.935252° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Каспий теңізінен 30 км жерде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ауданы 390 км2, ұзындығы 37 км, ені 17 км. Ойыс табаны теңіз деңгейінен 57 м төмен жатыр. Кемерлі шыңы көбіне әктастан түзілген және сай-жыралармен терең тілімденген. Ойыстың солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 115 м қалдық төбе бар, шет жақтарында суы тұзды құдықтар (Сарышоқы, т.б.) кездеседі. Мұнда су 6 – 10 м тереңдікте жатыр. Ойыс табанында жусан, сораң шөптер өседі. Қауындының солтүстік-батыс тұсынан мұнай, газ құбырлары өтеді.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер