Қойытылған сүт — қайнату арқылы құрамындағы судың біраз бөлігінен арылған сүттен, кант және әр түрлі витаминдер қосып дайындалған, сапасы өте жоғары тағам. Құрамында 43—44% қант, 8,5% май, 26,5% су болуы шарт. Судың мөлшері көп болса, сүт бұзылып кетеді. Технология бойынша сүтті залалды микробтардан арылту үшін арнаулы аппаратта пастерлейді (60—70°С-қа дейін қыздыру), содан кейін сүзіледі де вакуум-аппаратта қайнатылады. Қойытылған сүтке керекті компоненттерді қосып, әбден араластырып тоңазытылады. Содан соң сапасы тексеріліп, өлшеніп арнайы қүтыларға құйылады.
Тарихы
Қойытылған сүт шығаратын алғашқы зауыт 1858 жылы АҚШ-та ашылды. Оның иесі Гейл Борден көпке сақталатын сүт өнімін өзі патенттеген технологиямен жасап шығарған.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
- Иосиф Богуславский В мире торговых знаков 20 тамыздың 2016 жылы. // № 21 (34), 1995.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер