Ғұсман Сыйттықұлы Қосанов(25 мамыр 1935, Изатулла ауылы, Белағаш ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР — 13 маусым 1990, Алматы) — жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Арғын тайпасының Қаракесек руының бұтағынан шыққан.. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (, 1966), КСРО — АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан «Қосанов Мемориалы» атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
![]() | |
![]() | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | Изатулла ауылы, Белағаш ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы | |
Бойы | 175 см |
Салмағы | 68 кг |
IAAF | 14350017 |
Үздік нәтижелері |
Марапаттар | ||
---|---|---|
Men’s athletics | ||
Олимпиада ойындары | ||
Күміс | Рим 1960 | эстафета |
Ғұсман Қосанов Лос Анжелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3–4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
Дереккөздер
- «Қазақ энциклопедиясы», VI-том
- «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
Тағы қараңыз
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер