Қоскөл — Теңіз көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.
Қоскөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 356 м |
Өлшемі | 2,5 × 1 км |
Ауданы | 1,7 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 6,5 км |
Орналасуы | |
50°49′34″ с. е. 68°36′16″ ш. б. / 50.82611° с. е. 68.60444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°49′34″ с. е. 68°36′16″ ш. б. / 50.82611° с. е. 68.60444° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Атбасар ауданы |
Басқа мағыналар үшін Қоскөл деген бетті қараңыз.
Географиялық орны
Ақмола облысы Атбасар ауданы Есенкелді ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 356 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 1,7 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 6,5 км. Екінші көлдің аумағы 1,6 км2 шамасында. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Шығысында Құбакөл, оңтүстігінде Айдарлы көлдері бар. Жағалауы - шабындық.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),