Қособа – Ақшатау жотасының шығыс бөлігіндегі тау.
Қособа тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Ұзындығы | 8 км |
Ені | 6 км |
Биіктігі | 1304 м |
Орналасуы | |
48°13′53″ с. е. 79°40′09″ ш. б. / 48.23139° с. е. 79.66917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°13′53″ с. е. 79°40′09″ ш. б. / 48.23139° с. е. 79.66917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1304 м (Ақшатау жотасының ең биік жері). Ендік бағытта созылып жатқан таудың ұзындығы 8 км, енді жері 6 км.
Жер бедері
Солтүстік беткейі тік жартасты, оңтүстік беткейі көлбеуленіп, Көксала өзенінің аңғарына тіреледі. Солтүстік баурайынан Шеттембай және Терісайрық өзендері, оңтүстік баурайынан Көксала өзенінің шағын салалары басталады.
Өсімдігі
Тау шатқалында арша, тобылғы қараған өскен. Жазық етегінде бетеге, қылқан боз, селеу, боз жусан, т.б. шөптесіндер өскен. Мал жайылымына қолайлы.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),