Қоңыр СУШЫЛҚАРА (Cinclus pallasii) - денесі толық қоңыр реңді, алыстан қара түсті болып көрінетін, кәдімгі сушылқарадан сәл үлкендеу (60-70 г) құс.
Қоңыр сушылқара | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Immature brown dipper | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Cinclus pallasii , 1820 |
Биологиялық сипаттама
Жас құстар өте алабажақ, ақ теңбілдері көп болады. Мекен орындары, қорегі, дауысы, қылығы кәдімгі сушылқаранікіндей. Қоңыр сушылқара Тәңіртаудың тау шатқалдарында кәдімгі сушылқарамен іргелес өмір сүреді. Кәдімгі сушылқара сияқты қоңыр сушылқараның ата-енелері ұядағы балапандарына күні бойы 600-ге дейін жем үлесін (әдет- те әрбір жем үлесінде бірнеше ұсақ су жәндіктері - гаммарустар, қүндақтылар, инеліктің дернәсілдері, т.б. болады) тасиды. Балапандар ұядан кеткенде, әлі ұша алмаса да, жасқанбай суға барып, жүзеді және сүңгиді.
Таралуы
Қоңыр сушылқара үлкен денелі және ұялауға ертерек келетіндіктен, кәдімгі сушылқараны сүйікті үлескіні жерден және ұя орналастыратын орындардан жиі-жиі ығыстырады. Біз мұндай жағдайларды Алматыға жақын Іле Алатауының Үлкен Алматы шатқалынан бірнеше рет байқадық. Мұнда бұлақтардың біріндегі сарқырама астындағы ұяны әр жылдары біресе кәдімгі сушылқара, біресе кәдімгі сушылқара иеленді. Сол кезде қоңыр сушылқара ұясын тау тасқынды суының үстіндегі жартас сөрелеріне жиі-жиі, ашықтан-ашық орналастырып жүрді, мұны кәдімгі сушылқара ешқашан жасай алмайды. Мұндай ұяларды тау өзендерінің деңгейі кенет көтерілген кезде су ағыны жиі жуып кетеді. Олар біртіндеп суы едәуір таза және қоректі оңай теріп жеуге болатын тау өзенінің жоғарғы бөлігіне қарай ауысады. Қар жауып, суқоймалар қата бастаған кезде кешірек, қазанның аяғына қарай қайтадан төмен түсе бастайды.
Дереккөздер
- Cinclus pallasii. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010