Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — әнші, продюсер. Философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).
Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Мемлекет | |
Мамандығы | әнші, продюсер |
Марапаттары | ![]() |
Өмірбаяны
Найман тайпасының бағаналы Ибескі руының Жұртшы бөлімінен шыққан.
- бітірген (1991).
- 1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
- 1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
- 2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
- 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
- 2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
Қоғамдық жобалары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.
Шығармашылық жобалары
АБК тобы
Рахат Тұрлыханов
Бангор
Марапаттары
- 1998 - «Жігер» республикалық конкурсының лауреаты
- 1994 - Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері
- 2000 - Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері
- 2005 - Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері
- 2013 - Құрмет орденімен марапатталған.
Шығармашылық жетістіктері
Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991). Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001).
Отбасы
Жұбайы - Қарақат Әбілдина әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұлдары - Бекболат, Иманәлі, Нұрәли,Айсұлтан. Қыздары - Аяла, Айзада.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер