Қызылсоқ – Айтау тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аласа шоқылы тау.
Қызылсоқ тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Айтау таулары |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 4 км |
Ені | 2 км |
Биіктігі | 743 м |
Орналасуы | |
44°10′40″ с. е. 74°42′20″ ш. б. / 44.17778° с. е. 74.70556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°10′40″ с. е. 74°42′20″ ш. б. / 44.17778° с. е. 74.70556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бабасай ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Тесік, Тамшы, оңтүстігінде Құрғақшолақ қыстаулары, оңтүстік-батысында Дегерес тауы, сотүстік-шығысында Ақмолақұдық құдығы бар. Таудың саздақты бозғылт топырағында шөл өсімдіктері өскен.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 743 м. Салыстырмалы биіктігі 30-40 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы
Палеозойдың гнейстерінен, кристаллды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген.