Қызылтас – Қараүңгір тауларының солтүстік-шығысындағы төбе.
Қызылтас | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Қараүңгір таулары |
Ұзындығы | 5 км |
Ені | 1 км |
Биіктігі | 729 м |
Орналасуы | |
47°48′13″ с. е. 78°24′41″ ш. б. / 47.80361° с. е. 78.41139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°48′13″ с. е. 78°24′41″ ш. б. / 47.80361° с. е. 78.41139° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
|
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы Мәдениет ауылының оңтүстік-батысында 16 км жерде, Бақанас өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 729 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 1 км.
Жер бедері
Беткейі жонды-белесті келген адырлардан тұрады. Солтүстігінде Ақөгіз, батысында Үлкен Күйкентай таулары, шығысында Тасжарған төбесі, оңтүстігінде Жіңішкеөзек, оңтүстік-батысында Белеу қоныстары жатыр.
Өсімдігі
Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында көкпек, жусан, бұйырғын, боз, селеу, бетеге, сұлыбас, т.б. өсімдіктер өседі. Алабы - жайылым.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),