Қызылтұмсық сүңгуір (Netta rufina) - басы едәуір үлкен, мойнының ұзындығы орташа, едәуір ірі денелі (1-1,5 кг) үйрек.
Қызылтұмсық сүңгуір | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Male Female | ||||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Netta rufina (, 1773) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk00TDA1bGRIUmhYM0oxWm1sdVlWOU5TRTVVTGxwUFR5NHlNREV3TGpFeExqSXdMakl1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFU1bGRIUmhYM0oxWm1sdVlWOU5TRTVVTGxwUFR5NHlNREV3TGpFeExqSXdMakl1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Биологиялық сипаттама
Күйттік жасану кезінде аталықтың басы - ашық қызғылтсары (сол үшін «краснобаш» деп те аталады), тұмсығы және табаны - қызыл, төсі мен бауыры - қара болып көрінеді. Аналығының бауыры - ашық сұр және екі жағы ашық түсті болып келеді.Ұяларды тіршілігін жойған ескі қамысты алаңшаға, ақпа заттарға, сирек те болса жағадағы қамыстар аралына салады. Жеке жұп түзіп те, шағын топ құрып та ұялайды. Салындыдағы 6-10 жұмыртқаларды аналығы 4 аптаға жуық басады, соңынан балапандарға қамқорлық жасап, ұялас балапандарды жұмыртқадан шығару кезінде түлейді. Аталықтар ұяға жұмыртқалар салынысымен топқа бірігіп, өзен иірімінің ашық жерінде түлейді. Тек өсімдіктермен ғана қоректенетін құс. Ұялау орындарына өзен үйректерінен кешірек - наурызда пайда бола бастайды, қарашада ұшып кетеді. Денесі ірі, еті жақсы дәмді болғандықтан, ең сүйікті аулау нысаны болып есептеледі.
Таралуы
Кездейсоқ таралған жерлері: Еуропада - Жерортатеңізде, бұдан соң Қара теңізден Орталық Азияға дейін дала және шөл зоналарында біраз шоғырланған. Қазақстанда қамыс және қоға қалың өскен суқоймалардың оңтүстік жартысында ұялайды.
Дереккөздер
- Netta rufina. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.