Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemt4TDBkdmJHUmxia1ZoWjJ4bExVNXZkbUV1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFVkdmJHUmxia1ZoWjJ4bExVNXZkbUV1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Дереккөздер
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |