Қырымтатар тілі, қъырым тілі — түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады, Қырым татарларының тілі.
Қырым татар тілі Қъырым тілі | |
Өз атауы: | qırımtatar tili, qırım tili, къырымтатар тили, къырым тили |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: | Қырым АР және |
Ресми күйі: | |
Сөйлеушілер саны: | 541 000 адам |
: | елеулі қауып |
Санаты: | Еуразия тілдері |
Алтай әулеті (даулы)
| |
Жазуы: | |
: | кры 347 |
ISO 639-1: | — |
: | crh |
: | crh |
Тағы қараңыз: |
Солтүстік, оңтүстік, орталық аталатын 3 диалектіге бөлінеді. Құман тілінен өрбіген орта (аралық) диалекті қазіргі әдеби тілін қалыптастырған. Қырым татарлары 1929 жылға дейін араб, 1938 жылға дейін латын жазуларын қолданды, ал 1938 жылдан кирилл әліпбиіне ауысты, 1992 ж. қайтадан латын әліпбиіне көшті. Қырым татарларының тілінде сөз басындағы кей дауыссыздар мен сөз ішінде келетін қысаң дауыстылар түсіп қалады. Етістіктің болымсыз түрі — мам, -маз қосымшалары арқылы жасалады: алмам, алмазмыз. І жақ жіктеу есімдігінің ілік септігі меним, бизиң болып айтылады. Қырым татарларының тілінде 8 дауысты, 23 дауыссыз фонема бар, фонетикасына үндестік заңы тән, лексикалық құрамын түркі тілдеріне ортақ сөздер құрайды, морфологиялық құрылымы жағынан жалғамалы тілге жатады. Өзге тілден енген сөздер көп кездеседі. Алғашқы жазба мұралары: Жанмұхаммедтің “Исләмгерейдің Польшаға шабуылы” (17 ғ.), Сейд Мұхаммед Ризаның “Ассеб-сейярі” (17 ғ.), т.б.
Қырым татарларының тілі Қырым түбегін мекендейтін халықтың ұлттық, әдеби тілі. Ресей патшалығының отарлау саясатының зардабынан қырым татарларының басым көпшілігі алыс шетелге ауа көшіп, бас сауғалаған. Қырым татарлары тілінің қалыптасуы Алтын Орда ыдыраған дәуірмен (XV ғ.) тұстас. Қырым татарларының қазіргі әдеби тілінің негізгі ұйтқысы әуелде құман тілінен өрбіген орталық диалект.
Дереккөздер
- Қазақстан Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер