Құдайбергенов Өтеу - Социалистік Еңбек Ері (1948), колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1901 жылы қазіргі Қарақалпақстан, Қайрат ауылында туған.
Құдайбергенов Өтеу | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қайрат ауылы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Қазақстан, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,Құмтоғай ауылы |
Қызметі | колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі |
Әкесі | Құдайберген |
Жұбайы | Бекзада (Әштай) |
Балалары | Жанзила, Жәнима, Сәбит, Хамит, Нұрболат, Лиза |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Өмірбаяны
Бес жасында әкесінен, тоғызға толғанда анасынан айырылған Өтеу бала жасынан жетім қалады. Ата-анасынан айырылған оны әкесінің ағайындары мен таныстары паналатады. Он төрт жасында Қоңыраттың Мамыт деген байдың қарауына жұмысқа жалданады. Сол жерде 1930 жылға дейін қызметшісі болып жұмыс жасайды.
- 1930 жылдары ашаршылық кездеріңде Ырғыз жеріне, өз ағайындарының ортасына келеді.
- 1932 жылы коммунистік партия қатарына қабылданады. Содан соң Ырғыздағы 8 айлық партия-кеңес мектебінде оқып, сауат ашады.
- 1931-1934 жылдары Ырғыз аудандық тұтынушылар қоғамында жұмыс істейді.
- 1934 жылы Өтеу Құдайбергенов Жабасақ ауылдық Кеңесінің төрағасы болып сайланады.
- 1939-1942 жылдары аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы;
- 1945-1946 жылдары Ұзынкөл ауылдық кеңесінің төөрағасы қызметін атқарған.
Еңбек жолы
- Еңбек жолын шопандықтан бастаған.
- 1932 жылдан КОКП мүшесі.
- 1934-1946 жылдары - Ақтөбе облысындағы Ұзынкөл, Шетрғыз ауылдық Советтері атқару комитеттерінде председатель.
- 1946 жылы "Қарасай" ауыл шаруашылығы артелінің председателі болды.
Жетістігі
- 3-ші сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
- 4-ші сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.
Марапаттары
- 2 мәрте Ленин ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
- Медальдар
Дереккөздер
- ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Өтеу Құдайбергенов Жұлдыз-Ғұмырының жарығы. Алматы - 1987.
- Жұлдыз-Ғұмыр, Рақымжан Өтеміс; Ақтөбе-2001 жыл