Құлын терісі, тайжақы - (жеребок) - жеңіл өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Құлын терісі өлі туған немесе іш тастаған құлын терісі және сүт еміп, отыққан құлын терісі болып екіге бөлінеді. Құлын терісінің алғашқысынан бұйымдар, қолғаптық, аяқ киім қонышына арналған былғары жасалынады, ал екіншісі - қабаты қалыңдау және тығыз, жүні жақсы дамыған, жылтыраған тегіс болуына байланысты бағалы (үлбірлік) (мехтік) шикізат болып табылады. Иленген бір түсті құлын терісінен түгін сыртына қаратып жарғақ деп аталатын тігіледі. Ерекше тәсілмен иленген өте берік, бетіне түскен қысымға (10-12 кг/мм2) шыдамды, су тигенде қалпы мен қасиеттерін езгертпейтін құлын терісін жарғақ деп атайды. Керілген жарғақты ұрғанда таза дыбыс шығады. Осындай жарғақ мен кейбір жасауда пайдаланылады.
Дереккөздер
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер