Құрбан Әбдірәсілов(1932 жылы туған), ұйғыр актері. ҚазКСР-інің халық артисі (1987). 1956 ж. Ташкент театр-көркемсурет институтының актерлік факультетін бітіргеннен кейін, Алматыдағы Ұйғыр музыкалы комедия театрына қабылданды. Алғашқы ойнаған елеулі рөлі - Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» спектакліндегі Әнуар Әбдірәсілов негізінен өткір мінезді рөлдерді орындаумен көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Әуезовтің 1968 ж. ұйғыр театры сахнасында қойылған «Айман-Шолпан» комедиясындағы аңғал, адуын батыр Көтібардың рөлін шебер орындады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|