Құтырған – Күнгей Алатау жотасының орта бөлігіндегі асу.
Құтырған асуы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Биіктігі | 3800 м |
Орналасуы | |
42°51′07″ с. е. 78°04′21″ ш. б. / 42.85194° с. е. 78.07250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°51′07″ с. е. 78°04′21″ ш. б. / 42.85194° с. е. 78.07250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан шекарасы аралығында орналасқан.
Жер бедері
Ең биік жері шамамен 3800 м. Мамыр–қазан айларында салт атты адам өте алады. Асудың биік белдеуіндегі мореналық көлден өзімен аттас өзен бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдарға ұласады. Солтүстігінің биік беткейінде шырша, қарағай өскен.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.