Үкек Үстірті - Ресейдегі Таулы Алтай республикасы аумағында. Батысы Қазақстанмен шектеседі. Солтүстігінде Үкек, шығысында , оңтүстік, оңтүстік-батысында Оңтүстік Алтай жотасы орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 120 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылған. Үкек үстірті теңіз деңгейінен 2200 — 2600 м биіктікте жатыр. Үстірт арқылы Қатын өзенінің салалары Арғұт, , , Қалғұты, Ақкөл, өзендері ағып өтеді. Оңтүстік мен шығысында Мұздыбұлақ, , , Қаракөл көлдері жайғасқан. Үстіртте таулы дала және таулық тундра өсімдіктері өседі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм шамасында. Қысы суық ызғарлы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –24 — 26 С, жазы қоңыр салқын, шілденің орташа температурасы 10 — 14 С. Үкек үстірті көбіне мал жайылымына пайдаланылады.
Үкек | |
Орналасуы | |
---|---|
49°18′28″ с. е. 87°35′41″ ш. б. / 49.3078° с. е. 87.5947° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°18′28″ с. е. 87°35′41″ ш. б. / 49.3078° с. е. 87.5947° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Ресей |
Аймақ | Алтай Республикасы |
Үкек Ортаққорда |