Үлбірек, хатьма (лат. Lavatera) – құлқайырлар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар, кейде ағаштар. Қазақстанның барлық аймақтарындағы далалы, шалғынды жерлерде, бұталар арасында, өзен, көл жағалауларында және жол бойында өсетін 1 түрі — тюринген Үлбірегі (L. thurіngіaca) бар. Биікігі 25 — 200 см. Бірнеше жай тармақталған немесе жоғ. жағы бұтақталған сабақтары болады. Жүрек тәрізді жапырақтары бес қалақты. Гүлдері қос жынысты, ірі, олар бір-бірден жапырақ қолтығында орналасады. Күлтесі қызғылт түсті, аталық түтікшелері бүйрек тәрізді тозаңқаптан, түйіні (жатыны) 6 — 40 жеміс жапырақтарынан құралады. Аналық аузы үшкір, ішкі жағы түкті болады. Маусым — қыркүйекте гүлдеп, жеміс береді. Жемісі екі жағынан қысыңқы, ашылмайды, бүйрек тәрізді, піскен кезде шашылады. Тұқымы қара қоңыр түсті, жылтыр. Үлбіректен кендір, арқан жасайтын талшық алынады; гүлі әдемі болғандықтан сәндік үшін өсіріледі, жақсы мал азығы және шірнелі өсімдік. Халық медицинасында тамырынан алынған тұнбаны тыныс жолдарын емдегенде ішеді.
Үлбірек | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
25 түрі белгілі |
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер