Үлкен Ақтау, Үлкен Борлытау – Қаратаудың шығыс сілеміндегі тау.
Үлкен Ақтау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 70-80 км |
Ені | 15-20 км |
Биіктігі | 992 м |
Орналасуы | |
43°26′04″ с. е. 69°50′21″ ш. б. / 43.43444° с. е. 69.83917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°26′04″ с. е. 69°50′21″ ш. б. / 43.43444° с. е. 69.83917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Жамбыл облысының Сарысу ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70-80 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 992 м (Көктал кентінің батысында). Беткейлерін сай-жыра тілімдеген. Үлкен Ақтаудан Үшбас, Бүркітті, Шабақты өзендері бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Үлкен Ақтау жотасы кембрий геосинклиналінің карбонатты тау жыныстарынан, ал беткей етегі ордовиктің терригендік тау жыныстарынан түзілген. Фосфорит, уран кен орындары бар.
Өсімдігі
Өсімдіктерден жусан, бетеге, көде өседі. Атырабы мал жайылымына пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том