Үлкен Қарақамыс — Есіл алабындағы көл.
Үлкен Қарақамыс | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 4,6 × 4,1 км |
Ауданы | 6,8 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 20,4 км |
Тереңдігі | 2,8 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 10,5 км² |
Орналасуы | |
54°10′37″ с. е. 66°18′45″ ш. б. / 54.177° с. е. 66.3125° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°10′37″ с. е. 66°18′45″ ш. б. / 54.177° с. е. 66.3125° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Солтүстік Қазақстан облысы |
Аудан | Жамбыл ауданы |
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы жерінде, Қарақамыс ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
Су айдынының аумағы 6,8 км2, су мол жылдары 10,5 км2-ге дейін ұлғаяды. Ұзындығы 4,6 км, ені 4,1 км. Жағалауының ұзындығы 20,4 км, ең терең жері 2,8 м. Су жиналатын алабы түгелімен дерлік жыртылған. Көл түбіндегі тұнбаның қалыңдығы 0,5 - 0,7 м. Суы сәл ащылау, көктемде жұмсарады, жаздың соңына қарай суы кермек татиды.
Жағалау сипаты
Қазаншұңқырда жатқан көлдің жағалауы аласа, түбі тегіс, сазды. Жағалауында қатты сабақты өсімдіктер өскен. Қамыс, құрақ, шалғын, қияқ өскен. Құстардың келу, кету кезінде, әсіресе, күзде мұнда мыңдаған сұр, ақбас қаздар, сұр тырна, т.б. сулы-сазды жерді мекендейтін құстар көп болады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер