Үстірт мұнайлы-газды алабы — Үстірттің Каспий және Арал теңіздері арасындағы бөлігін қамтыған мұнайлы-газды өңір. Жалпы ауданы 170 — 175 мың км2. Қазақстанға Үстірттің тек батыс бөлігі ғана енеді. Үстірт мұнайлы-газды алабы эпигерциндік Тұран плитасының батыс бөлігінен орын алған және 2 құрылымдық қабаттан тұрады. Нығаюы каледон-киммерийде өткен төменгі құрылымдық қабат геологиялық жастары әр түрлі және метаморфтануға ұшыраған шөгінді-эффуз., интруз., кристалдық тау жыныстарынан құралған. Метаморфтануға ұшыраған жоғары құрылымдық этаж литол. құрамы күрделі жоғары палеозой-антропогендік тау жыныстарынан тұрады. Мұнай мен газды іздеу бойынша терең бұрғылау жұмыстары 1961 жылы басталған. 1961 — 1976 жылдары антиклиналдық құрылымның 15 алаңы терең бұрғылауға ұшырады. Бүгінде палеоген, юра шөгінділерінен бірнеше мұнай-газ кендері ашылды. Үстірт мұнайлы-газды алабының ірі кендеріне Жетібай, Солтүстік Қарамандыбас, , Бектұрлы, Тасболат, Тенге, т.б. жатады. Аудандағы мұнай мен газ кендерінің келешегі қалыңдығы бірнеше мың метірге жететін палеозой тау жыныстарымен байланысты.
Дереккөздер
- «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер