Ұрықтандыру, қолдан - күйлеген малдың аталықтың ұрығын қолдан жіберу, яғни қолдан ұрықтандыру. мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістік болып табылады. Ұрықтандыру арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған тартқан мыңдаған төл алып, нәтижелі тұқымдық жұмысын жолға қоюға болады. Ұрықтандыруда аталық мал ұрығының сапасын алдын ала тексеріп, түрлі жыныс ауруларына жол бермеуге жол ашылады. Ұрықтандыруды жүргізу үшін қажетті құрал- жабдықтар мен ол істі жете менгерген білікті маманы болуы керек. Ол әр мал түлігінен ұрық алып, сақтап, бөліп, онымен күйлеген малды шебер ұрықтандырура білуі керек. Мал түліктерімен қоса құс мекиендері де ұрықтандыруды.
Дереккөздер
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.